16
март
2022
"Дәрия кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың?!" тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Осы орайда «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекесіне орай «Шежіре күні» аясында «Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі» МКМ-нің 11-ші сынып оқушылары "Дәрия кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың?!" тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу өткізді.
Кездесуге ардагер ұстаз - қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Нүсбекова Даметкен Таласбекқызы, орынбасары Чажайбаева Назым Сабазқызы қатысып, оқушыларымыздың санасына өлшеусіз тәлім – тәрбие мен үлгі-өнегелерін сынадай енгізді. Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаздар жастарға сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылымен тәрбие беріп, ақыл-кеңестерін айтты. Жастырымыздың үлкен биікке қол жеткізуіне, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелеуге өз үлестерін қосты.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Нұрпейісов «Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен бастап, Ұстаз —білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайтынын айта отырып, ардагер ұстаздарға зор денсаулық тілеп, шәкірттердің құрметі мен махаббатына бөлене беріңіздер! – деп, кездесуді қорытындылады.
Кездесу соңында Ардагер ұстаздар жастарға батасын беріп, алдағы сынақтарды жақсы тапсыруларын тіледі.