«Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ 2021-2022 оқу жылында мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ 2021-2022 оқу жылында мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
15
сентябрь
2021

«Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ 2021-2022 оқу жылында мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын  анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. «Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ 2021-2022 оқу жылында мектептегі ыстық және буфеттік тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мақсатында  мемлекеттік сатып алу веб-сайтында жалпы білім беретін мектептер қызметтерді сатып алу бойынша өткізілген тендерлер қорытындысы нәтижесінде «ИП Будукулова П.Д.» өнім берушісімен №59 қызмет көрсету туралы шартқа отырды.
01.09.2021 күні «Орта білім беру ұйымдарының білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға білім беру ұйымдарында тамақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 25 тамыздағы № 36 қаулысын негізге ала отырып, асхана жұмысын  және ыстық тамақтың сапасын қадағалау мақсатында (бракержный) комиссия құрылды.Асхана жұмысын және ыстық тамақтың сапасын қадағалайтын комиссия құрамының  мүшелері:
1. Т.Баянов -  мектеп директоры
2. Ш.Ахметов - қамқоршылық кеңесінің төрағасы 
3. М.Масимбаева - директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары 
4. С.Муқан - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
5. А.Хамраева -  әлеуметтік педагог
6. Х.Буйхумар - мектеп медбикесі 
7. М.Асанова - ата-аналар комитетінің төрайымы 
8. С.Умар - педагог-психолог 
9. Ү.Мұқан -  кәсіподақ ұйымының төрағасы 
«Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ асхана жұмысын және ыстық тамақтың сапасын қадағалайтын комиссия бақылауымен Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар 143 оқушы және жалға берушілер есебінен 14 оқушы тамақтандырылады.  Бір реттік ыстық тамақ құны 460 теңгені құрайды.
Оқушылардың тамақтануының жалпы көлемі 100% құрайды. Асхананы жалға алушы жеке кәсіпкер Будукулова Патембубуи Джаныспаевна болып табылады. Мектеп асханасын жалға алушылар 2 апталық тамақтану мәзірі бойынша жұмыс жасайды.
1-ші апта
Дүйсенбі
Балғын қызанақтан салат
Пісірілген тауық еті
Гарнир: бытырап піскен қарақұмық
Кептірілген жемістен компот
Қара бидай наны
Сейсенбі
Тұшпара
Итмұрын жемісінен кисель
Алма
Қара бидай наны
Сәрсенбі
Палау (сиыр еті)
Балғын қызанақ пен тәтті бұрыштан салат
Шәй лимонмен
Қара бидай наны
Бейсенбі
Дәруменді салат
Гуляш
Гарнир: арпа жармасы
Көп дәруменді шырын
Қара бидай наны
Жұма 
Ақ қауданды қырыққабат салаты
Рагу (сиыр етінен)
С дәруменді кисель
Қара бидай наны
2-ші апта
Дүйсенбі
Сәбіз бен алмадан салат
Рассольник (тұздықты көже)
Кептірілген жемістен компот
Қара бидай наны
Сейсенбі
Ет тефтелиі
Гарнир: бытырап піскен қарақұмық
Алма 
Айран
Қара бидай наны
Сәрсенбі
Балғын көкөніс салаты
Пісірілген тауық еті
Гарнир: пісірілген макарон
Көп дәруменді шырын
Қара бидай наны
Бейсенбі
Ет котлеті
Гарнир: картоп езбесі
Балғын қызанақ пен қиярдан салат
С дәруменді кисель
Қара бидай наны
Жұма 
Дәруменді салат
Үй қуырдағы (жаркое)
Сүт
Қара бидай наны