Ерлік сабағы. » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2022

Ерлік сабағы.

«Қасіретті қаңтар» оқиғасы Тәуелсіздік алған жылдардағы ең ауыр сынақ болғаны баршамызға белгілі. Біз осындай қиын жағдайда ел бірлігінің арқасында мемлекетіміздің қауіпсіздігін,  тұтастығын сақтап қалдық. 
Сол күндері ортақ жүкті бірге арқалап, егемен елдің әр азаматы үшін жан аямай еңбек етіп жүрген жандардың еңбегі өлшеусіз екені анық.
Осы ретте, 31-қаңтар күні Қапшағай қаласы Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебінде Алматы қаласында болған қақтығыстар салдарынан қаза болған №32363 әскери бөлімінің подполковнигі Хайыров Сәндібек Ғалимоллаұлының ерлігін дәріптеу мақсатында ерлік сабағы өтті. №32363 әскери бөлімінің капитаны Д.Ақбасов ерлікпен қаза болған С.Хайыровтың өмірбаяны мен әскери қызметі туралы мағлұмат берді. «Қасіретті қаңтар» оқиғасында көрсеткен ерлігі үшін ІІ Дәрежелі «Айбын» ордені қайтыс болған С.Хайыровтың  отбасына табысталғаны да айтылды.
«Жас сарбаз» сыныбының жетекшісі Е.Қомаевтың ұйымдастыруымен өткен ерлік сабағына қалалық білім бөлімі, №32363 әскери бөлімінің капитаны Д.Ақбасов, Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Қ.Молдабергенов, қалалық аналар кеңесінің төрайымы Д.Нүсіпбекова, мектеп әкімшілігі мен «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары қатысты.
Елімізде әрқашан ерік-жігері тасыған, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі басым, патриот азаматтар көп болсын!