1-қыркүйек білім күні » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

1-қыркүйек білім күні

1-қыркүйек білім күні-балалар шаттанып, ұстаздар қуанышқа бөленетін күн. «Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ-нде «Кел, балалар, оқылық» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны 1-сынып оқушыларына барлық санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шараларын ұстана отырып офлайн форматында,өз дәрежесінде аталып өтті.
Мақсаты: «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын ұйымдастыру.
1-сынып оқушыларын мектепке қабылдау.
2. Мектеп сыныптарына ҚР Конституциясының 1,7,9,30,40,44 баптарына тоқтала отырып, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында алғашқы сынып сағатын өткізу.
Жиын барысында арақашықтық сақталып, келген қонақтар, ұстаздар маска тағу режимін қатаң түрде ұстанды.
Жиынның құрметті қонақтары қала әкімінің орынбасары Балгабаев Бауржан Еркинович, Қапшағай қалалық білім бөлімінің маманы Аманжол Айдана Еркенқызы, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ахметов Шаймұрат Молдашұлы қатысып, ықылас-тілектерін білдірді.
Салтанатты жиында алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығы табысталды.