"Репродуктивті денсаулық", "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыптарында 7-8 сыныптың қыздарымен семинар-кездесу өтті » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Репродуктивті денсаулық", "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыптарында 7-8 сыныптың қыздарымен семинар-кездесу өтті
14
март
2022

"Репродуктивті денсаулық", "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыптарында 7-8 сыныптың қыздарымен семинар-кездесу өтті

2022 жылдың 14-наурыз күні "Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" МКМ-де Қапшағай қаласы және аймағының Аналар кеңесінің төрайымы Нүсбекова Дәметкен Таласбекқызы, қалалық аурухананың психолог-валеологы Жанұзақова Назгуль Бейсембекқызы, қалалық жастар ресурстық орталығының психологы Қайдарбек Жанерке Қайдарбекқызы және мектеп психологтары Умар Сымбат Бақытқызы мен Мұқаметқан Айнұр Мэлсқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың ұйымдастыруымен "Репродуктивті денсаулық", "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыптарында 7-8 сыныптың қыздарымен семинар-кездесу өтті. Кездесу мақсаты: Репродуктивті денсаулық туралы білімін жетілдіру, жеке бас гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу және оның салдары туралы түсініктерін кеңейту. Кездесу "Сені көргеніме қуаныштымын" шаттық шеңбері аясында сәлемдесумен басталды. Дәметкен Таласбекқызы "Қыз өссе елдің көркі" тақырыбында насихат жүргізіп, қызға тән қасиеттер туралы тоқталып өтті. Назгуль Бейсембекқызы жалпы репродуктивті денсаулық, жалпы дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған "Туберкулез" туралы жалпы шолу жасады. Жиналыстың соңында "Қыздар гигиенасы" туралы бейнероликтер көрсетілді.