ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ
16
март
2022

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осы орайда Президент елдің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудың бағдарламасын таныстырды.
Қапшағай қаласы "Д.А.Қонаев атындағы №1 орта мектебі" МКМ-нің ұжымында Жолдауды түсіндіруге арналған жиын өткізілді.
Мектеп директоры Т.Ж.Баянов Жолдауда айтылған жаңару мен жаңғыруға арналған кешенді бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді.
Одан кейін сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Е.Нұрпейісов еліміздің саяси жүйесіне енгізілетін реформалар туралы мағлұмат берді.
Ұжым ұстаздары Президент ұсынған Алматы облысын екіге бөліп, Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болуын, халықтың ұсынысы бойынша қалаға Д.А.Қонаевтың атын беруді қолдайтындығына ризашылықтарын білдірді.