"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" МКМ » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" МКМ
12
май
2017

"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" МКМ

«Қапшағай қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің негізі 05.05.1992 жылы Қапшағай қаласының «Әсем» балабақшасының материалдық-техникалық базасында орыс және қазақ тілінде оқитын аралас №1 лицей болып қаланды.
Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі 1992 жылы 300 оқушы, 18 сынып, 28 мұғаліммен ашылған болатын. Алғашқы сабақ 1992 жылы 7 қыркүйек күні басталды. Қапшағай қаласы әкімінің 15.05.1997 жылғы №5-183 шешімімен «Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі» ретінде жұмыс жасауда.
Мектеп бір ғимараттан тұрады. Ғимарат сыйымдылығы 640 орын, 2-қабатты, қабырғасы панелден тұрғызылған, жалпы ішкі көлемі 4087.9 ш.м, 26 оқу бөлмесі, акт залы, асхана, кітапхана бар.
Мектебімізде қазіргі таңда 684 оқушы, 29 сынып-комплекті, 58 мұғалім, 8 пән бірлестігі жұмыс жасайды. 8 кабинет интерактивті тақтамен, биология кабинеті жаңа модификациялы, ағылшын тілі мультимедиялық кабинет ретінде жабдықталған.
Мектебімізде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жылжымалы мұражайы 12 жыл көлемінде жұмыс жасайды. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, елу жыл бойы ел ағасы болған абзал азаматтың көзіндей болған жәдігерлердің әр бірі ол кісінің халық дәстүрін құрметтеген терең тағлым, үлкен мәдениет, биік парасат иесі екендігінің сөзсіз куәсі. Жыл сайын 12- қаңтар күні Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай қалалық алаңдағы және мектеп алаңындағы ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, Димекеңнен қалған асыл мұраларды жас жеткіншектерге ұлықтау мақсатында елі ардақтаған біртуар тұлғаның өмірі мен ерен еңбегімен таныстырып, балалардың санасына патриоттық сезім ұялатуға бағытталған тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.
Мектепте 58 мұғалім жұмыс істейді, маман емес мұғалім жоқ, кадр мәселесі толық шешілген. Педагог мамандардың орташа жасы – 41 жас. Педагогикалық ұжым мүшелерінің басым көпшілігі мектепте тұрақты жұмыс жасайды. Педагогикалық ұжым мүшелерінің көпшілігі тәжірибелі, шығармашылық жұмысқа, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруге бейім ұстаздар.