16
март
2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының мән-маңызы айрықша болды. Тәуелсіздік, татулық пен тұрақтылық, бейбітшіліктің маңыздылығын атап, құндылығына тоқталды. Қазақстанда үш жаңа облыс құруды ұсынды. Семей аймағында Абай облысын, Жезқазған аймағында Ұлытау облысын және Алматы облысының Алматы және Жетісу облыстары болып екіге бөлінетінін айтты. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болады. Қапшағай қаласы Д.А.Қонаевтың есімімен тығыз байланысты екенін және жергілікті халық қалаға еліміздің біртуар перзенті Қонаевтың есімін беруді ұсынса президент қолдайтынын жеткізді. Жолдауда Экономикалық даму, сапалы білім беру сияқты мәселелерге жеке тоқталды. "Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте!"-деп бірлікте болуға, ел үшін еңбек етуге шақырды. Жолдауда айтылған әрбір пікір құнды болды. Президентке сенім артайық!
Қапшағай қаласы, Д.А. Қонаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Калиева Айжан Әлімбекқызы
Қапшағай қаласы, Д.А. Қонаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Калиева Айжан Әлімбекқызы