Қапшағай көпсалалық колледжінің өкілдері мектебіміздің 9-шы сынып бітіруші оқушыларымен кездеу өткізді » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қапшағай көпсалалық колледжінің өкілдері мектебіміздің 9-шы сынып бітіруші оқушыларымен кездеу өткізді
09
апрель
2022

Қапшағай көпсалалық колледжінің өкілдері мектебіміздің 9-шы сынып бітіруші оқушыларымен кездеу өткізді

Өсіп келе жатқан ұрпақты еңбек іс-әрекетіне дайындау – адамзат өз тарихының әр кезеңдерінде түрлі жолмен шешімін тапқан, маңызды әлеуметтік-педагогикалық мәселелердің бірі болып табылады. Осындай мақсатты істі жүзеге асыруда бар жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамыту және оған жан-жақты терең білім беру ісінде мектеп ұжымы аянбай еңбек ете бермекші. Кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Осы орайда, Қапшағай көпсалалық колледжінің өкілдері мектебіміздің 9-шы сынып бітіруші оқушыларымен кездеу өткізді. Колледжде оқытылатын мамандықтармен таныстырды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.