13
апрель
2022
Кәсіптік бағдар беру
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесу.
Осы орайда, "Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" МКМ-нің 9-шы сынып бітірушілерімен Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінің өкілдері кездесу өткізді. Кездесу барысында АМККК-нде оқытылатын мамандықтар, мемлекет тарапынан бөлінетін жатақхана, ыстық тамақ, шәкіртақы туралы түсіндіріліп, колледждің материалдық-техникалық базасы бейнеролик арқылы таныстырылды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.