26
апрель
2022
«Бейбітшілік – ел тілегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
3"ә" сынып жетекшісі А.Абауова Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бейбітшілік – ел тілегі» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Оқушылар слайд арқылы өз ойларымен бөлісті. Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерінің достығы берік, ынтымақта өмір сүріп жатқандығы туралы әңгімеленді. Оқушылар достық, бірлік туралы мақал-мәтелдер айтты. Сынып сағатына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Нұрпейісов пен ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Әбілхан қатысып, оқушыларды құттықтап, қорытынды сөз сөйледі.