18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
19
апрель
2022

18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" МКМ-сі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Нұрпейісов пен мектеп кітапханашысы Ж.Сатаеваның ұйымдастыруымен 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай мектеп алаңындағы Д.А.Қонаевтың бюстіне гүл шоқтары қойылды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Нұрпейісов сөз алып оқушыларға бұл күн 1984 жылдан бері атап өтілетіндігін, 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткендігін туралы түсіндірді. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар екендігі, дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілгені туралы мәліметтер берді. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кіргендігін, Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар екені туралы мағлұматтар берді.
Одан кейін Қапшағай қаласы мен аймағында орналасқан ескерткіштер мен тарихи орындар тізімімен таныстырды.