Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі" шығармасынан үзінді- театрландырылған көрініс көрсетті. » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі" шығармасынан үзінді- театрландырылған көрініс көрсетті.
14
апрель
2022

Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі" шығармасынан үзінді- театрландырылған көрініс көрсетті.

2022 жылдың 13-сәуір күні Республикалық "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 10 "А" сынып оқушылары қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, жазушы Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі" шығармасынан үзінді- театрландырылған көрініс көрсетті. Басты мақсаты: оқушылардың оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру, шығармашылық ізденістерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, шығарма кейіпкерлерін сомдай отырып, өзінің түйінді ойын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу. Көріністі тамашалауға оқушылар және директордың тәрбие ісі орынбасары Е.Нұрпейісов, музыка пәні мұғалімі Г.Байсаринова қатысып, шығарма кейіпкерлерінің мінездері, сезімдері, көңіл-күйлерін әсерлі бейнелеп, диалог құруда, сыртқы бейнелерін келтіруде керемет образдарды сомдап шыққан оқушыларға алғыстарын айтты. Ұйымдастырушылар кітапхана меңгерушісі Ж.Сатаева, сынып жетекші Г.Закериянова.