“Қауіпсіз интернет" тақырыбында 7-8-сынып оқушыларымен кездесу өтті » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қауіпсіз интернет" тақырыбында 7-8-сынып оқушыларымен кездесу өтті
13
апрель
2022

“Қауіпсіз интернет" тақырыбында 7-8-сынып оқушыларымен кездесу өтті

"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" МКМ мектеп психологтары Умар С.Б, Мұқаметқан А.М. және Қапшағай қаласының жастар ресурстық орталығының психологы Қайдарбек Жанерке Қайдарбекқызының ұйымдастыруымен “Қауіпсіз интернет" тақырыбында 7-8-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Мақсаты: Балаларға ақпарат көздерінің, яғни интернет желісіндегі ақпараттар мен материалдардың дұрыс және бұрыс жағын түсіндіру, ажыратуға үйрету. Сонымен қатар интернет көздеріне тәуелділігінің алдын алу, болдырмау.
Кездесу барысында: Оқушылар "WhatsApp","VK", "YouTube" ,"TikTok" желілерінің пайдалы жақтары мен зиянды тұстарына тоқталып өтті. Оқушылармен пікір алмасып, сұрақтарына нақтылы жауап қайтарылды. Интернет желісінде таралатын ақпарат алу арқылы баланың денсаулығына және оның дамуына (физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік) кері әсерін тигізетініне тоқталып өттік.