2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ 1- СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 1- СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ. » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ 1- СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 1- СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ.
01
апрель
2022

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ 1- СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 1- СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ.

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!
«Алматы облысы Білім Басқармасының Қапшағай қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 1- СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 1- СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ.
Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен басталады.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі.
1 .Баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
2.«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы электрондық құжат;
3. 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы электрондық құжат;
4. 3х4 көлеміндегі 2 дана баланың сандық фотосуреті.

Мекен- жайы: Қапшағай қаласы, 4-ші ықшам аудан, «Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ
Тел: 4-42-81