17
март
2022
"Алаштың бес арысы" атты танымдық сабақ өтті
"Наурыз" мейрамын атап өтудің "Тарихқа тағзым" күні аясында "Д.А.Қонаев атындағы N°1 қазақ орта мектеп" МКМ кітапхана меңгерушісі Ж.Сатаева мен кітапханашы Ұ.Нысанкуатованың ұйымдастыруымен 5-7-сынып оқушыларымен "Алаштың бес арысы" атты танымдық сабақ өтті.
Мақсаты: Оқушыларға алаштың бес арысын таныстырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге баулу; тарихи құндылығымызды дәріптеу арқылы өрісін кеңейту.
Сабақ барысында тарих пәні мұғалімі А.Аймағамбетова "Алашорда үкіметінің құрылуы" туралы түсінік беріп, 6-7-сынып оқушылары алаштың бес арысы, артына мол мұра қалдырған бабаларымыздың өмірбаяндарын, шығармашылықтарын баяндаса, 5-сынып оқушылары ақпараттар легін ұйып тыңдап, "Сұрақ-жауап" түріндегі кері байланысқа белсене қатысты.
Ұлы бабаларымыздың жүріп өткен жолын, еңбектерін бағалау – әрбір ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз.