19
март
2022
«Әр сыныптан бір ағаш» акциясы өтті
"Наурыз мейрамы" мемлекеттік мерекесін дайындау және өткізу жөніндегі іс шаралар жоспарына сәйкес "Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі" МКМ-сі «Әр сыныптан бір ағаш» акциясы аясында мектеп айналасына 19 түп туя ағашын, 6 түп жеміс ағаштарын, 6 түп декоративті ағаш түрлерін отырғызды. Акцияға мектептегі 31 сынып толық қатысты.
Акцияны мектеп директоры Т.Баянов ашып, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерін, оқушыларды «Наурыз» мейрамымен құттықтау сөзімен бастады. Одан кейін, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Масимбаева мемлекет басшысының Жолдауында айтылған жаңалықтармен бөлісіп, Қапшағай қаласына Д.А.Қонаевтың атын беру туралы ұсынысты қолдауға шақырды. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Нурпейсов сөз алып, акцияның өту жоспарымен таныстырды, әр сыныптың ағаш отырғызу орындарын хабарлады.
Акция соңында мектеп ұжымы сенбілік өткізіп, мектеп ауласы мен мектепке қатысты сыртқы аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.