01
март
2022
2022 жылғы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2022 жылғы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізілетінін хабарлаған болатын.
Осы орайда, қала бойынша сағат 10:00-де электрдабылдар, дабылды-сөйлеу құрылғылары және дауыс ұлғайтқыш қондырғылар қосылды.
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" МКМ-і Қапшағай қаласы ТЖБ қызметкерлерімен бірігіп оқушылар мен мектеп мұғалімдеріне төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электрдабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салып өтті.
Дабыл қағылғаннан кейін оқушылар мен ұстаздар қауіпсіз алаңға жиналып, бекітілген ережеге сәйкес мектеп директорына рапорт берілді. Одан кейін, оқушылар өрт сөндіру жаттығуларын өткізді. Оқушыларға өрт сөндіру техникалары мен құралдары таныстырылды, алғашқы көмек көрсету жолдары түсіндірілді.
Барлық іс-шаралар халықтың табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындау қатері, сондай-ақ дабыл бойынша іс-қимыл тәртіптері туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған.