1 наурыз Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 наурыз Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні
01
март
2022

1 наурыз Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне орай «Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ-нің «Жас Сарбаз» сыныбының жетекшісі Е.Қомаевтың ұйымдастыруымен сынып оқушылары Алматы облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ ММ Қапшағай қаласындағы №5 өрт сөндіру бөліміне экскурсияға барды.
Қапшағай қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Мұратқажыұлы Жайық өз бөлімшесімен өрт кезіндегі қауіпсіздік жайында жас сарбаздарға теория және практика жүзінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бөлімшенің өрт сөндіруге арналған техникалары мен құралдарын таныстырды. Олармен жұмыс жасау әдістерін үйретті.
Экскурсияға барған «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары өткізілген шарадан жақсы әсер алып, болашақта өрт сөндіруші мамандығын таңдайтындарын да жасырған жоқ.