«Асқақ елдің айбынды ұланымыз» атты ерлік сабағы өтті » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Асқақ елдің айбынды ұланымыз» атты ерлік сабағы өтті
05
май
2022

«Асқақ елдің айбынды ұланымыз» атты ерлік сабағы өтті

«Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ-де Отан қорғаушылар күні мен Ұлттық Қарулы Күштердің құрылғанына 30 жыл толуына және Жеңіс күніне орай ардагерлерді құрметтеу, еліне, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне деген патриоттық және мақтаныш сезімін ояту, рухани дамыған, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Асқақ елдің айбынды ұланымыз» атты ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағына №58012 әскери бөлімінің тәрбие бөлімі бастығының көмекшісі Ж.Кубекова, капитан К.Аширбаев, ІІІ сынып сержанты А.Усербаевтар қатысты.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Нұрпейісов кіріспе сөз сөйлеп, оқушылар мен әскери қызметкерлерді мерекелерімен құттықтады.
АӘТД пәні мұғалімі – «Жас Сарбаз» сыныбының жетекшісі Е.Қомаев сабақтың жүргізілу барысына сәйкес баяндама оқып, сабақты жүргізіп отырды.
Капитан К.Аширбаев «құрылуы, олардың құрамы атқаратын міндеттері, жоғары әскери оқу орындары» тақырыбында слайд арқылы негізгі баяндаманы оқыды. ҚР Қарулы Күштерінің жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді.
Ерлік сабағының соңында мектеп оқушысы Бейбітқызы Дарья мен ІІІ сынып сержанты А.Усербаев және 5-6 сыныптан құралған хор патриоттық әндер орындады.