09
апрель
2022
«Оқуға құштар мектеп» және «2022 жыл – балалар жылы»
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың берген тапсырмасы және ҚР БҒМ 03 қарашадағы №5-18-4/3950 хатын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» және «2022 жыл – балалар жылы» деп атауына байланысты Қапшағай қаласы «Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ оқушыларының оқу мәртебесін, оқу сапасын арттыру, мәдени оқу құзыреттілігін дамыту мақсатында 1-4 бастауыш сынып оқушылары арасында "Жылдам оқу" байқауы өткізілді. Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық кезеңге жолдама алып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Байқауды мектеп кітапханашысы, бастауыш сынып жетекшілері және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ұйымдастырды.