Турганова Маржан Муратовна "Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" МКМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары » Д.А.Конаев атындағы №1 қазақ орта мектебі
"Алматы облысы
білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-02-11
Есепші бөлімі:
+77053156681
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Турганова Маржан Муратовна "Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" МКМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
01
сентябрь
2023

Турганова Маржан Муратовна "Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" МКМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Турганова Маржан Муратовна 24 тамыз 1989 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Талдықорған қаласы, №8 Н.Островский атындағы орта мектебін тәмамдап, 2007 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне «Кәсіптік оқыту(сала бойынша)» мамандығына түсіп, 2011 жылы аяқтады. 2011 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-не магистратураға түсіп, 2013 жылы аяқтады.  
Еңбек жолын 2013 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Жаратылыстану – техникалық факультеті, «Техникалық пәндер» кафедрасында бастады. 2013-2016 жж. оқытушы, 2017-2021 жж. аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистры, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-не «Физика» мамандығына докторантураға түсіп, 2021 жылы аяқтады. 
2021-2023 жж. Астана қаласы Тұран-Астана университетінде «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Еңбек жолында республикалық, алыс жақын шетелдік баспаларда 100-ден аса ғылыми мақалалары жарық көріп, авторлық құқығы және біліктілікті арттыру курстарыныың сертификаттары мен куәліктері бар. 
Қазіргі уақытта Қонаев қаласындағы «Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ-де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.