05
март
2022
"Ана-гүл, ана-өмір шуағы" атты онлайн сынып сағаты өтті.
05.03.2022 ж күні 11 "А" сыныбында Аманбаева Сәуле Каппазовнаның жетекшілігімен "Ана-гүл, ана-өмір шуағы" атты онлайн сынып сағаты өтті. ZOOM платформасы арқылы оқушылар мен аналары түгел қатысты. Балалар аналарына жасаған видеожазбаларды көрсетіп, сыйлықтарын тарту етті. Сонымен қатар түрлі психологиялық ойындар ұйымдастырылды. Ана мен бала арасындағы байланыс нығая түсті. Сыныбымыздың ұлдары аруларға ыстық лебізін білдіріп, құтықтау сөздерін айта түсті. Болат Сұлтан атты оқушы гитарада жанды дауыспен "Ана" әнін шырқады. Аяулы аналарымыз мәз болып, алғыстарын білдірді.