01
март
2022
«Алғыс айту парызым» тақырыбында сынып сағаты
«Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ-нің 1ә сынып жетекшісі Анкежанова Алмагуль Бойтанқызы «Алғыс айту парызым» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,
ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..
Сынып жетекшісі тәрбие сағатын: «Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар! – деген тілегімен аяқтады.