18
март
2022
"Ұлы Дала Наурызы" атты этнографиялық байқау өтті
18.03.2022ж. күні "Д.А.Қонаев атындағы N°1 қазақ орта мектеп" МКМ бастауыш сынып мұғалімі Б.Исахова мен кітапхана меңгерушісі Ж.Сатаеваның ұйымдастыруымен "Ұлы Дала Наурызы" атты этнографиялық байқау өтті.
Мақсаты: ұлттық намыс пен рухани болмысымызды жаңғырту, халықтың салт-дәстүрін құрметтеуге, қазақ халқының әдет-ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық өнерге баулу.
Байқау "Көрісу" салтымен басталып, «Мақал – мәтелдер» сайысы, ұмыт болған дәстүрлерге байланысты «Мәтіндік пазл құрастыру», ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында «Ым – ишара» ойыны, «Жұмбақтар елі» әріпті жұмбақтарды шешу, «Болашақтағы менің қалам» жобасын қорғау және «Қазақы дастархан» бөлімдерімен жалғасын тапты.
Байқауда белсенділік танытқан оқушылар "Наурыз аруы", "Өнерлі өрен", "Білім бесігінде тербелгендер", "Талапты қыз-тарихи жұлдыз", "Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап", "Зерделінің ойы озық", "Үздік архитектор" номинацияларымен марапатталды.