15
апрель
2022
Әншімен өткен кездесу
Қапшағай қаласындағы "Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің "Көркем - эстетикалық, дене шынықтыру, АӘТД пәндер" бірлестігінің "Спорт - таусылмас азық, өнер- сарқылмас байлық" атты апталығы аясында "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Бағлан Әбдірайымов оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар Бағлан Рашидұлына сұрақтарын қойып, әншінің өмірбаяны мен өнер жолынан толық мәліметтер алды. Кездесу барысында әндер айтылып, өнерлі оқушылардың шығармалары тамашаланды. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға, туған жері мен Отанын құрметтеуге, өнерге баулуға қосқан үлесі үшін мектеп директорының қолымен алғыс хат пен Д.А.Қонаевтың кітаптары естелікке тарту етілді. Кездесу соңында оқушылар әншімен естелік суреттерге түсіп, қолтаңбасын да алып үлгерді.